KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
25.12.15 10:50
/KASE, 25.12.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа)
Биржалық кеңесі 2015 жылдың 11 желтоқсанында, KASE мүдделі мәміле
жасасуды, атап айтқанда "ИРБИС" қаржы нарығының ақпараттық
агенттігі" ЖШС (одан әрі – Агенттік, KASE ерекше қатынастармен
байланысты үлестес тұлға) жаңа мерзімге – 2016 жылдың 01 қаңтарынан
31 желтоқсанға дейін ақпарат тарату туралы келісім-шарт жасауды
мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың
24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру
депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік
уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді,
қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру
Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған
күні: 2015 жылдың 11 желтоқсаны (Биржалық кеңестің шешімі;
2015 жылдың 11 желтоқсанындағы № 27отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: 2 290 680 (екі миллион
екі жүз тоқсан мың алты жүз сексен) теңге 00 тиын.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге
қатысты пайыздық қатынасы: 0,00016519 %.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- KASE Агенттікке KASE стандарттық ақпараттық өнімдері "Кідірілген
сауда-саттық ақпараты" және "Анықтамалық ақпарат" құрамы мен
көлемі бойынша жауап беретін биржалық ақпараттарға оны
пайдалануға, сақтауға, өңдеуге, шығаруға, таратуға және үшінші
тұлғаларға ұсыну құқығымен, ақпаратқа енуге рұқсат береді;
- Агенттік Қазақстан қор биржасына тұрақты алымдарды, соның
ішінде жекелеген вендорлар үшін қарастырылған "Кідірілген сауда-
саттық ақпараты" және "Анықтамалық ақпарат" ақпараттық
өнімдерін тарату және ұсыну үшін 90 АЕК көлемінде алымдар
төлеуге міндетті.