"КазТрансГаз Аймақ" АҚ KZP02Y10E598 (KZ2C00003499, KTGAb2) облигациялары KASE листинг процедурасынан "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 30 қазаннан бастап өтті

18.12.15 17:57
/KASE, 18.12.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 15 желтоқсанындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана) KZP02Y10E598 (KZ2C00003499; 1 000 теңге, 17 054 125 мың теңге;, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 7,50%, 30/360) облигациялары енгізілді: Эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2015 жылдың 18 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың төлем агенті - Citibank N.A. (Лондон), тіркеушісі – Citigroup Global Markets Deutschland AG (Франкфурт) болып табылады. "КазТрансГаз Аймақ" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Банк ЦентрКредит" еншілес ұйымы "BCC Invest"АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше KTGAb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/KTGA мекен-жайында жарияланады. [2015-12-18]