"КазТрансГаз Аймақ" АҚ KZP02Y10E598 (KZ2C00003499, KTGAb2) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

18.12.15 15:05
/KASE, 18.12.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 15 желтоқсанындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "КазТрансГаз Аймак" АҚ (Алматы) KZP02Y10E598 (KZ2C00003499; 1 000 теңге, 17 054 125 мың теңге; 10 жыл; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 7,50 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2015 жылдың 19 желтоқсанында тіркелген "КазТрансГаз Аймак" АҚ облигацияларының шығарылымы KASE листинг процедурасынан өткен, жалпы сомасы 50,0 млрд тенгеге аталмыш эмитенттің бірінші облигациялық бағдарламасы аясында екінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигациялардың қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "Банк ЦентрКредит" еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше KTGAb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2015-12-18]