KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
/KASE, 03.12.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесі 2015 жылдың 10 маусымында, KASE мүддесі бар және Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле болып табылатын, "ForteBank" АҚ мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар листингі туралы келісім-шарт жасасуды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді, қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 10 маусымы (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың 10 маусымындағы № 10 отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: "ForteBank" АҚ бағалы қағаздарының қазақстан қор биржасының ресми тізімінде болу тәртібін және ақпаратты ашу шартын анықтау.
6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 27 қарашасы.
"ForteBank" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 64 бабының 1 тармағына сәйкес Биржаға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылады.
[2015-12-03]