KASE, биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты, тұлғамен жасасқан мәміленің шарттары өзгергені туралы хабарлайды
/KASE, 23.11.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі 12 қарашада (Директорлар кеңесінің 2015 жылдың 12 қарашасындағы шешімі, № 26 отырыс хаттамасы) "Qazaq Banki" акционерлік қоғамымен банктік салым туралы келісім-шартты, сондай-ақ оған енгізілген өзгертулерді, атап айтқанда, 2015 жылдың 14тамызындағы "ALL EXCLUSIVE" банктік салымы туралы келісім-шарттың, салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінің, биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты тұлғамен мәміле ретінде, жылдық 12,25 %-дан 13,00 %-ға дейін көбеюі бөлігінде мақұлдады
Аталмыш өзгертуді ескере отырып келесі ақпаратты ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның мәміле жасасу жөнінде шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 12 қарашасы (Директопрлар кеңесінің 2015 жылдың 12 қарашасындағы шешімі, № 26 отырыс хаттамасы).
2. Мәміле заты болып табылатын мүліктің құны: 500 000 000 теңге.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүлікті соңғы бағалауының датасы: қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің активтердің жалпы құнына шаққандағы пайыздық қатынасы: 6,01 %.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- банктік салым мерзімі – 12 ай;
- банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 13,00 %;
- банктік салым бойынша сыйақыны есептеу және төлеу шарттары – ай сайын есептеу жасалады, төлеу банктік салым келісім-шартының қолданыста болу мерзімі аяқталғанда жүзеге асырылады.
6. Мәміле жасалған кү: 2015 жылдың 18 қарашасы.
"Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы" заңының 40 бабының 3 тармағынасәйкес Қазақстан қор биржасымен айрықша қарым- қатынастармен байланысты тұлға болып табылады.
[2015-11-23]