"КазТрансГаз Аймақ" АҚ XS1273497385 (KTGAe1) халықаралық облигациялары KASE листинг процедурасынан "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 30 қазаннан бастап өтті

30.10.15 18:16
/KASE, 30.10.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 08 шілдесіндегі шешімімен KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана) XS1273497385 (50 000 000,0 теңге, 5,0 млрд теңге; 29.09.15 – 29.09.25, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 7,50%, 30/360) облигациялары енгізілді: Эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2015 жылдың 30 қазанынан бастап күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың төлем агенті - Citibank N.A. (Лондон), тіркеушісі – Citigroup Global Markets Deutschland AG (Франкфурт) болып табылады. "КазТрансГаз Аймақ" АҚ қаржылық кеңесшісі "Private Asset Management" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше KTGAe1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/KTGA мекен-жайында жарияланады. [2015-10-30]