21 қазаннан бастап KASE қайталама нарық секторында State Street Global Advisors (АҚШ) басқаруымен SPDR S&P 500 ETF TRUST биржалық индекс қорының US78462F1030 (US_SPY_) пай қағаздары бойынша сауда-саттық ашылды

21.10.15 10:46
/KASE, 21.10.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 21 қазаннан бастап KASE қайталама нарық секторында State Street Global Advisors (Бостон) басқаруымен SPDR S&P 500 ETF TRUST биржалық индекс қорының US78462F1030 (KZ1C00000959, KASE ресми тізімі, "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар" санаты, US_SPY_) пай қағаздары бойынша сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. "Фридом Финанс" АҚ паи қағаздарын шығару бастамашысы өтінім беру кезінде лот көлемін – бүтін пай түрінде белгіледі, лоттың ең аз саны – бір лот. Аталмыш паи қағаздар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеу көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар 2015 жылдың 28 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/US_SPY_мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-10-21]