Ұлттық Банк KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

09.10.15 11:34
/KASE, 09.10.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KASE акцияларының №13 шығарылым аңдатпасына (Аңдатпа) өзгертулер мен толықтыруларды (түзетулер) 2015 жылдың 05 қазанында тіркегені туралы хабарлады. Аталмыш түзетулер KASE Директорлар кеңесінің шешіміне (2015 жылдың 10 қыркүйегіндегі отырысының № 22 хаттамасы) сәйкес, KASE Басқармасының сандық құрамын бес адам етіп анықтау және Бизнесті дамыту департаментінің директоры, KASE Басқармасының мүшесі етіп Әмина Серікқызы Тұрғұлованы сайлауға байланысты енгізілді. Сонымен қатар, аталмыш Аңдатпа мәтініне түзетулер KASE. Ішкі аудит қызметінің құрылымы өзгеруіне байланысты енгізілді. Акциялар шығарылымының жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет-сайтында "Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm13_2015_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-10-09]