KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
/KASE, 25.08.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Биржалық кеңесі 2015 жылдың 10 маусымында, KASE мүдделі мәміле жасасуды, атап айтқанда "ИРБИС" қаржы нарығының ақпараттық агенттігі" ЖШС (одан әрі – Агенттік, KASE ерекше қатынастармен байланысты үлестес тұлға) ақпарат тарату туралы келісім-шарт жасауды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді, қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 10 маусымы (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың 10 маусымындағы № 13 отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- KASE Агенттікке KASE стандарттық ақпараттық өнімдері "Кідірілген сауда-саттық ақпараты" және "Анықтамалық ақпарат" құрамы мен көлемі бойынша жауап беретін биржалық ақпараттарға оны пайдалануға, сақтауға, өңдеуге, шығаруға, таратуға және үшінші тұлғаларға ұсыну құқығымен, ақпаратқа енуге рұқсат береді;
- Агенттік Қазақстан қор биржасына тұрақты алымдарды, соның ішінде жекелеген вендорлар үшін қарастырылған "Кідірілген сауда- саттық ақпараты" және "Анықтамалық ақпарат" ақпараттық өнімдерін тарату және ұсыну үшін 713 520,00 теңге көлемінде алымдар төлеуге міндетті.
6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 14 тамызы.
"ИРБИС" қаржы нарығының ақпараттық агенттігі" ЖШС Қазақстан Республикасының "Банктер және банктік қызмет туралы" Заңының 40 бабының 3 тармағына сәйкес Биржаға қатысты ерекше қатынастармен байланысты тұлға болып және Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңының 34 бабы 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес Биржамен үлестес тұлға болып табылады.
[2015-08-25]