KZ
9 мамыр 2025, 17:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.08.2015 15:19 #Корпоративтік уақиғалар

KASE Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

/KASE, 17.08.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Биржалық кеңесі 2015 жылдың 10 тамызында, KASE мүддесі бар және Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен "Qazaq Banki" АҚ келісім-шарт жасасуды мақұлдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді, қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:

1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 10 тамызы (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың 10 тамызындағы № 20 отырыс хаттамасы).

2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: 500 000 000 теңге

3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: 5,27 %.

5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:

- банктік салым мерзімі – 12 ай;

- банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,25 %;

- банктік салымның сыйақы мөлшерлемесін төлеу және аудару шарттары– ақша аудару ай сайын, төлем - банктік салымның келісімшарт мерзімі аяқталған соң жүргізіледі.

6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 14 тамызы.

"Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Банктер және банктік қызмет туралы" Заңының 40 бабының 3 тармағына сәйкес Биржаға қатысты ерекше қатынастармен байланысты тұлға болып табылады.

[2015-08-17]