2015 жылдың 02 қыркүйегінде "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

27.07.15 18:04
/KASE, 27.07.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен, бұдан әрі – компания), 2015 жылдың 02 қыркүйегінде сағат 15:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы Биржаға хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе компанияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе болып табылады.: Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Өскемен қ., Жаңа Согра, компанияның оқу комбинатының ғимараты, 307 аудитория. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2015 жылдың 03 тамызындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 03 қыркүйегінде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен аталмыш жиналыстың өтуіне он күн қалғанға дейін компанияның орналасқан жерінде танысуына болады. [2015-07-27]