KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

17.07.15 18:07
/KASE, 17.07.2015/ – 2015 жылдың 15 шілдесінде Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесі "Сентрас Секьюритиз" акционерлік қоғамымен, KASE мүддесі бар және Биржамен айрықша қатынастармен байланысты тұлғамен мәміле ретінде, беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың листингі туралы келісім-шарт жасасуды мақұлдады. Қазақстан Републикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийі, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік ақпаратты, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ атқарушы органның жыл қорытындысы бойынша тағайындалған сыйақысының көлемі туралы ақпараттарды жариялау ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты мәлімдейміз: 1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 15 шілдесі (Директорлар кеңесінің шешімі, 2015 жылдың 15 шілдесіндегі № 17 сырттай дауыс беру арқылы қабылданды). 2. Мәміле заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды. 3. Мәміле заты болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні: қолданылмайды. 4. Мәміле заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтер құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды. 5. Мәміленің негізгі елеулі шартары: "Сентрас Секьюритиз" АҚ бағалы қағаздарының Биржаның ресми тізіміне енгізілуі және осы тізімде болу шарттарын және ақпараттар ашу шарттарын анықтау. 6. Мәміленің жасалған күні: 2015 жылдың 15 шілдесі. Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 64 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, "Сентрас Секьюритиз" АҚ Биржаға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Банктер және Қазақстан Республикасындағы банктік қызмет туралы" заңының 40 бабының 3 тармағына сәйкес Биржамен айрықша қатынастармен байланысты тұлға болып табылады. [2015-07-17]