KASE сегіз мүшесі қор нарығының клирингтік қатысушы мәртебесіне ие болды

26.06.15 18:22
/KASE, 29.06.2015/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2015 жылдың 26 маусымындағы шешімімен қор нарығының қатысушыларына клирингтік қатысушы мәртебесі төмендегі KASE мүшелеріне берілді: 1) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ; 2) "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ; 3) Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ; 4) "Астана-Инвест" Инвестициялық қаржы үйі" АҚ; 5) "RESMI" Инвестициялық қаржы үйі" АҚ; 6) "Сентрас Секьюритиз" АҚ; 7) "Цеснабанк" АҚ; 8) "Фридом Финанс" АҚ. Клирингтік қатысушы мәртебесін алуға үміткер ұйымдарға, клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптар, сондай-ақ клирингтік қатысушыларға қойылатан құқықтар мен міндеттер "Клирингтік қатысушылар туралы қағида" атты КASE ішкі құжатымен http://www.kase.kz/files/normative_base/clearing_participants.pdf анықталған. [2015-06-29]