KZ
9 мамыр 2025, 17:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.06.2015 17:38 #Корпоративтік уақиғалар

KASE Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

/KASE, 23.06.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Биржалық кеңесі 2015 жылдың 19 мамырында, KASE мүддесі бар және Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле болып табылатын, "Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы Академиясы" АҚ "ISO 27001 Халықаралық ISO 27001:2013 стандарты талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесіне енгізу, ішкі аудит" атты тақырыпта семинарға Биржа қызметкерлерін қатыстыру мақсатында қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісім- шарт жасасуды мақұлдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді, қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:

1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 19 мамыры (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың 19 мамырындағы № 10 отырыс хаттамасы).

2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.

3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.

5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:

- "Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы Академиясы" АҚ "ISO 27001 Халықаралық ISO 27001:2013 стандарты талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесіне енгізу, ішкі аудит" атты тақырыпта семинарға Биржаның үш қызметкерін қатыстыра отырып, семинарды ұйымдастыру және өткізу түрінде қызмет көрсету;

- келісім-шарт сомасы: 504 000 теңге (қосымша құн салығына салық сомасын қоса есептегенде);

- семинарды өткізу күні – 2015 жылдың 29 маусымынан 03 шілдесіне дейін.

6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 22 маусымы.

"Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы Академиясы" АҚ Қазақстан Республикасының "Банктер және банктік қызмет туралы" Заңының 40 бабының 3 тармағына сәйкес Биржаға қатысты ерекше қатынастармен байланысты тұлға болып табылады.

[2015-06-23]