KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
/KASE, 02.06.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Биржалық кеңесі 2015 жылдың 19 мамырында, KASE мүддесі бар және Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле болып табылатын, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ "Қазақстан қор биржасы" АҚ 2015 жылдың 01 маусымында № 254-2015 клирингтік қызмет көрсететін ұйым ретінде қызмет көрсету туралы келісім- шарт жасасуды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді, қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 19 мамыры (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың 19 мамырындағы № 10 отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- Орталық депозитарий бағалы қағаздармен жасалған биржалық мәмілелер бойынша клиринг нәтижесінде қалыптасқан, Клирингтік ұйымдардың бұйрығы негізінде есептеулерді (нетто-операцияларды тіркеу) жүзеге асыру және аталмыш мәмілелерді жүзеге асыруға қатысатын Орталық депозитарий депоненттерінің қаржыларын және бағалы қағаздардың азаймайтын қалдықтарына бақылау жасау қызметін көрсету;
- Орталық депозитарийдің қызметін Орталық депозитарий тарифтері мен алымдары туралы қағидаға сәйкес Клирингтік ұйымның төлеуі;
- Орталық депозитарий Басқармасымен бекітілетін және Клирингтік ұйым басқармасымен келісілетін,