KZ
9 мамыр 2025, 17:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.05.2015 10:17 #Корпоративтік уақиғалар

KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

/KASE, 27.05.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Биржалық кеңесі 2015 жылдың 29 сәуірінде, KASE мүддесі бар және Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле болып табылатын, "Qazaq Banki" АҚ-мен беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың листингі туралы келісім-шарт жасасуды мақұлдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:

1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 29 сәуірі (Биржалық кеңестің шешімі; 2015 жылдың 29 сәуіріндегі № 9 отырыс хаттамасы).

2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.

3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.

5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: "Qazaq Banki" АҚ бағалы қағаздарының Биржаның ресми тізімінде болу тәртібін анықтау және ақпараттарды ашу шарттары.

6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 26 мамыры.

"Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 64 бабының 1 тармағына сәйкес Биржаға қатысты үлестес тұлға болып табылады.

[2015-05-27]