"Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" өзінің KZP01Y10E533 (KZ2C00002426, CAEPb1) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады

25.05.15 09:30
/KASE, 25.05.15/ - "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" (Алматы) 2015 жылдың 21 мамырында өзінің KZP01Y10E533 (KZ2C00002426, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, CAEPb1) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 68285490 теңгені құрады. [2015-05-25]