KZ
12 шілде 2025, 09:23
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.05.2015 12:08 #Корпоративтік уақиғалар

2015 жылдың 09 маусымында "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорация" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

/KASE, 14.05.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорация" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), биржаға 2015 жылдың 09 маусымында сағат 15:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде:

  • "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ 2014 жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы;
  • "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ 2014 жылға таза пайдасын бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін анықтау туралы;
  • акционерлердің "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау нәтижелері туралы;
  • "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ 2014 жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы;
  • СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ 2014 жылға таза пайдасын бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін анықтау туралы;
  • акционерлердің "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау нәтижелері туралы
  • "Ақмола Электржелісін Бөлу Компаниясы" АҚ 2014 жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы;
  • "Ақмола Электржелісін Бөлу Компаниясы" АҚ 2014 жылға таза пайдасын бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін анықтау туралы;
  • акционерлердің "Ақмола Электржелісін Бөлу Компаниясы" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау нәтижелері туралы;
  • "Астанаэнергосбыт" ЖШС 2014 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту;
  • "ЦАЭК" АҚ 2014 жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы;
  • "ЦАЭК" АҚ 2014 жылға таза пайдасын бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін анықтау туралы;
  • акционерлердің "ЦАЭК" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау нәтижелері туралы;
  • "ЦАЭК" АҚ және оның еншілес ұйымдарының 2015 жылдағы қызметінің қорытындылары бойынша қаржылық есеп берушілігі бойынша аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы;
  • "ЦАЭК" АҚ дивиденділік саясатына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
  • "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту туралы;
  • "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ жарғысына өзгертулер енгізу туралы.

Акционерлердің аталмыш жиналысы: Алматы, Қарасай батыр көш., 89 мекен-жайында өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:30-да басталады.

Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың 12мамырындағы жағдай бойынша құрастырылады.

Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы 2015 жылдың 10 маусымында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі.

Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтарға қатысты материалдармен акционерлер компанияның атқарушы органы орналасқан жерінде таныса алады.

[2015-05-14]