2015 жылдың 09 маусымында "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорация" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді
14.05.15 12:08
/KASE, 14.05.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорация" АҚ
(Алматы, бұдан әрі – компания), биржаға 2015 жылдың 09 маусымында
сағат 15:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы
басталатыны туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде:
- "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ 2014 жылға жылдық шоғырландырылған
қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы;
- "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ 2014 жылға таза пайдасын бөлу тәртібі және
қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін анықтау
туралы;
- акционерлердің "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ және оның лауазымды
тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау нәтижелері
туралы;
- "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ 2014 жылға жылдық шоғырландырылған
қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы;
- СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ 2014 жылға таза пайдасын бөлу тәртібі және
қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін анықтау
туралы;
- акционерлердің "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ және оның лауазымды
тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау нәтижелері
туралы
- "Ақмола Электржелісін Бөлу Компаниясы" АҚ 2014 жылға жылдық
шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы;
- "Ақмола Электржелісін Бөлу Компаниясы" АҚ 2014 жылға таза пайдасын
бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд
көлемін анықтау туралы;
- акционерлердің "Ақмола Электржелісін Бөлу Компаниясы" АҚ және
оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды
қарау нәтижелері туралы;
- "Астанаэнергосбыт" ЖШС 2014 жылға жылдық қаржылық есеп
берушілігін бекіту;
- "ЦАЭК" АҚ 2014 жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп
берушілігін бекіту туралы;
- "ЦАЭК" АҚ 2014 жылға таза пайдасын бөлу тәртібі және қоғамның бір
жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін анықтау туралы;
- акционерлердің "ЦАЭК" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының
әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау нәтижелері туралы;
- "ЦАЭК" АҚ және оның еншілес ұйымдарының 2015 жылдағы қызметінің
қорытындылары бойынша қаржылық есеп берушілігі бойынша аудит
жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы;
- "ЦАЭК" АҚ дивиденділік саясатына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы;
- "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту
туралы;
- "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ жарғысына өзгертулер енгізу туралы.
Акционерлердің аталмыш жиналысы: Алматы, Қарасай батыр көш., 89
мекен-жайында өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат
14:30-да басталады.
Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың
12мамырындағы жағдай бойынша құрастырылады.
Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы
2015 жылдың 10 маусымында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай
бойынша өткізіледі.
Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтарға қатысты материалдармен
акционерлер компанияның атқарушы органы орналасқан жерінде таныса
алады.
[2015-05-14]