"БАСТ" АҚ KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) жай акциялары Қазақстан қор биржасында IPO өткен соң бес сауда-саттық күні қорытындысы бойынша өтімділік деңгейі бойынша үшінші орынға шықты

16.04.15 13:20
/KASE, 17.04.2015/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін 2015 жылдың 09 сәуірінде Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен IPO – дан кейін KASE қайталама нарығында "БАСТ" АҚ (Шығыс Қазақстан обл) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) жай акцияларымен сауда-саттық ашылды. Аталмыш акциялар биржада күніне екі сағат 15:00 - ден 17:00 - ге дейін сауда-саттық жүргізілетіне қарамастан, өтімділіктің екінші сыныпты акциялар тізіміне енгізілгендіктен, алғашқы бес күн сауда-саттық ішінде өтімділік ренкингінде үшінші орынға шықты (http://www.kase.kz/ru/shares), "КазТрансОйл" АҚ және "KEGOC" АҚ акцияларынан кейін, Қазақстан қор биржасында "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында орналастырылды. Сонымен қатар, "БАСТ" АҚ еркін айналымдағы барлық акциялардың қосынды құны (free-float), қазіргі уақытта "KEGOC" АҚ тиісті көрсеткіштерінен 20 есе, "КазТрансОйл" АҚ – 60 есе төмен. Ал жеке инвесторлардың саны сәйкесінше 82 және 68 есе аз. "БАСТ" АҚ акциялары өтімділігінің жоғары деңгейіне маркет-мейкер жұмысының арқасында қол жеткізді, маркет-мейкердің міндетті талаптары бойынша KASE ресми тізімінің екінші санатында болмауына қарамастан, БАСТ" АҚ қаржы кеңесшісі және андеррайтері міндетін – "Фридом Финанс" АҚ өзіне алды Сауда-саттық жабылуына 2015 жылдың 15 сәуірінде "БАСТ" АҚ жай акцияларының бағасы бір акцияға 27 842,00 теңгені құрап, сәйкесінше олардың орналастыру бағасы бір акцияға 27,6 % артты, ол жылдық кірістілігінің 1 437 % құрайды. [2015-04-17]