"БАСТ" АҚ KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛУ 03 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

20.03.15 17:04
/KASE, 20.03.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) Басқармасының шешімімен биржаның сауда-саттық жүйесінде "БАСТ" АҚ (Шығыс Қазақстан обл) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, KASE ресми тізімі, екінші санат, BAST) жай акцияларына жазылу 2015 жылдың 03 сәуіріне дейін ұзартылды. Аталмыш шешімді KASE Басқармасы аталмыш акцияларға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде қатысатын "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) биржадан ресми хатын алуға байланысты Бағалы қағаздарға жазылу ережесінің (http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf) 2 бабының 2 тармағы негізінде сатып алушылардан өтінімді қабылдауды 2015 жылдың 20 наурызынан 03 сәуіріне ауыстыру туралы өтінім келіп түсуіне байланысты қабылданды. Аталмыш хатқа сәйкес Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні– 2015 жылдың 06 сәуірі; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдерін ұсыну күні – 2015 жылдың 07 сәуірі; есепті аяқтау күні – 2015 жылдың 08 сәуірі. Жеке тұлғалар жазылымға қатысу үшін биржаға өтінімді тек биржаның қор нарығының мүшелері арқылы ғана бере алады. Биржаның қор нарығының мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында берілген. [2015-03-26]