KZ
2 шілде 2025, 07:25
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.03.2015 16:40 #Корпоративтік уақиғалар

2015 жылдың 30 наурызында "ОРДА кредит" Несиелік серіктестігі" ЖШС қатысушыларының жылдық жиналысы болып өтеді

/KASE, 20.03.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" Несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент, бұдан әрі – компания), биржаға 2015 жылдың 30 наурызында сағат 11.00-де қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде:

  • компания Басқармасының 2015 жылға шығындар және кірістер сметасын орындау туралы есеп беруі;
  • компанияның 2014 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту және компанияның таза пайдасын бөлу.
  • компанияның есептік саясатын бекіту;
  • компанияның салықтық саясатын бекіту.

Аталмыш жиналыстың өтетін жері: Шымкент қ., Г. Иляев көш., 47. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10.00-де басталады.

Кворум жиналмаған жағдайда, компания қатысушыларының қайталама жиналысы 2015 жылдың 31 наурызында сағат 10.00-де, жоғарыда көрсетілген меен-жай бойынша басталады.

Жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен қатысушылар: Шымкент қ., Г. Иляев көш., 47 мекен-жайында таныса алады.

[2015-03-20]