БИРЖАДА 03 НАУРЫЗДАН 20 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН "БАСТ" АҚ KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

05.03.15 10:14
/KASE, 05.03.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2015 жылдың 03 наурызынан 20 наурызына дейін биржаның сауда- саттық жүйесінде "БАСТ" АҚ (Шығыс Қазақстан обл) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, KASE ресми тізімі, екінші санат, BAST) жай акцияларына жазылу арқылы жай акцияларды сату жүргізіледі. Аталмыш акцияларға жазылу жүргізілген кезде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы, одан әрі – Сатушы) қатысады. Орналастырылған акциялардың саны – 18 450 дана. "БАСТ" АҚ акцияларын алғашқы орналастыру KASE жазылым арқылы бір акцияға 19 843,00 – 21 827,00 теңге баға диапазоны арасында жүргізіледі. Жазылу аясында өтінімдерді қабылдау 2015 жылдың 03 наурызынан 20 наурызына дейін жұмыс күндері алматы уақытымен (ALT) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылым жүргізу кезіндегі бағалы қағаздардың коды – BAST. Жазылым аясында тек биржаның сауда-саттық жүйесі арқылы берілген шектеулі өтінімдер жабық тәсілмен қабылданады. Берілген өтінімдерде жазылым жүргізу шарттары акциялардың максималды санына сатып алушылар үшін шектеулер белгіленбеген. Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдер тізбесін ұсыну уақыты – 2015 жылдың 24 наурызы. Қанағаттандырылған өтінімдердің тізбесін биржаға ұсыну күні – 2015 жылдың 26 наурызы. Жазылым нәтижесі бойынша есептеулердің басталу күні – 2015 жылдың 27 наурызы. Есептесулер "Бағалы қағаздрадың орталық депозитарийі" АҚ жүргізіледі. Бағалы қағаздарды сатып алушылар "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шоттарында өздері сатып алған бағалы қағаздарды сатып алуды 2015 жылдың 27 наурызында алматы уақытымен сағат 09:00-де қамтамасыз етуі мүмкін. Жеке тұлғалар жазылымға қатысу үшін биржаға өтінімді тек биржаның қор нарығының мүшелері арқылы ғана бере алады. Биржаның қор нарығының мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында берілген. Аталмыш жазылым жүргізу шарттарына сәйкес инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне төмендегі мәліметтер кіреді: 1) Аты-жөні, тегі, болған жағдайда– әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы; 2) Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; 3) Азаматтық белгісі; 4) Жеке тұлғаны растайтын құжаттың атауы мен деректемелері / заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат (түрі, номері, құжат берген күні және орган атауы); 5) Жеке тұлғаның тұратын орны немесе заңды тұлғаның мекен-жайы. 6) Орталық депозитарий есепке алу жүйесіндегі және бағалы қағаздардың нарығында коммерциялық құпиясы бар басқа ақпараттар. Акцияларға жазылым өткізу ережесі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланады. [2015-03-05]