KZ
9 мамыр 2025, 17:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.03.2015 17:40 #Корпоративтік уақиғалар

KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

/KASE, 04.03.2015/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE немесе Биржа) өз мүддесі бар мәміле: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы" акционерлік қоғамымен жайларды жалға алу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы және Қазақстан қор биржасы ерекше қатынастарда байланыстағы мәмілелер келісім-шартын жасасқаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар туралы ақпараттарды орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жария етеміз:

1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 18 ақпанындағы (Биржалық кеңестің 2015 жылдың 18 ақпанындағы № 3 отырыс хаттамасы).

2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.

3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.

5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: Жалға берушінің әкімшілік ғимаратындағы уақытша иеленуге және пайдалануға (жалға) әкімшілік ғимараттағы тұрғын емес жайларды және жалға алған үй-жайларды ұстауға байланысты басқа да қызметтерді ұсыну болып табылады. Жалға берушінің әкімшілік ғимаратындағы жалға алған үй-жайлар: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әйтеке би, 67. Келісім-шарттың жалпы сомасы – 2 052 000 теңге;
Жалға алу мерзімі – 2015 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін.

6. Мәміленің жасалған күні: 2015 жылдың 03 наурызы.

[2015-03-04]