"Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.10.14 16:23
/KASE, 15.10.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды обл., Жәйрем елді-мекені, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C13590019 жай акцияларының жалпы саны 6 783 460 дана, артықшылықты KZ1P13590115 акциялар саны – 11 100 дана; - компанияның 6 588 624 жай және 9 689 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға ENRC N.V. (Амстердам, Нидерландылар Корольдігі), болып табылады, оның иелігінде компанияның 6 588 624 акциясы (компанияның орналыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,85 %), соның ішінде компанияның барлық жай және 3 602 артықшылықты акциясы (компанияның орналыстырылған артықшылық акцияларының жалпы санынан 37,18 %) бар. [2012-10-15]