KZ
9 мамыр 2025, 17:56
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.10.2014 17:55 #Корпоративтік уақиғалар

KASE ірі мәміле жасағаны туралы хабарлайды

/KASE, 14.10.2014/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2011 жылдың 04 шілдесінде Қазақстан қор биржасы акционерлік қоғамы мен "Рахат Тауэрс" Көп салалы кешені" ЖШС арасында тұрғын емес үй-жайларды сатып алу-сату келісім-шартына қосымша келісім ретінде ірі мәміле жасағаны туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийі, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушіліктерді және аудиторлық есептерді орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жариялаймыз:

1. Акционерлік қоғамның мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні: 2014 жылдың 09 қазаны (Биржалық кеңестің шешімі, 2014 жылдың 09 қазанындағы №37 хаттамасы)

2. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің құны: қолданылмайды.

3. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын, мүлік құнының жалпы активтердің құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды.

5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: жер телімінің жалпы көлемі 1,1332 гектардан 1,3782 гектарға өзгертілді.

6. Мәміленің жасалған күні: 2014 жылдың 13 қазаны.

[2014-10-14]