"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y23B676 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша сегізінші купоны бойынша қарызын жартылай төлегені туралы хабарлады
30.06.14 16:40
/KASE, 30.06.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы), биржаға
жолдаған ресми хатында өзінің KZ2CKY23B676 (KZ2C00000701, KASE
ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге;
02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон,
есептік купондық кезеңге жылдық 6,35 %, 30/360) инфрақұрылымдық
облигациялары сегізінші купонын жартылай төлегені туралы хабарлап
Қазақстан қор биржасына ресми хат жолдады.
...
Осы хатта "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ былай деп мәлімдеген:
"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – "ДТЖ" АҚ) 2014 жылдың
19 маусымында "АТФБанк" АҚ төлеу агенті арқылы облигациялардың 8-ші
купондық кезеңге, 2013 жылдың 16 тамызынан 2014 жылдың 03 маусымына
дейін әрбір мерзімі өткен күнге 292 күнге өсімақы төледі. Өсімақы
сомасын есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру
мөлшерлемесінен қаржы міндеттемесін орындау күніне 5,50% төленді..
2014 жылдың 26 маусымында №8476 хатымен "АТФБанк" "ДТЖ" АҚ
2014 жылдың 03 маусымында 27 410 715,68 теңге төленді, қоғам 8-ші
купондық сыйақы міндеттемелерін толық өтеді деп хабарлады.
[2014-06-30]