Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Ұлттық Банк KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді
/KASE, 18.06.2014/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 09 маусымында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) биржа акцияларының № 10 шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді.
Аталмыш өзгерістер KASE Басқармасы құрамындағы өзгерістерге байланысты енгізілді.
- Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 11 мамырындағы Биржалық кеңестің құрамындағы өзгерістер туралы № 11209/2010 хаты және Ұлттық Банк Абай Искандиров Мұқашұлына берілген № 73с сенімхат негізінде;
- Биржалық кеңестің екі комитеті – Кадр және сыйақылар жөніндегі Комитет және Әлеуметтік мәселелер және корпоративтік басқару және этика мәселелері комитеті Биржалық кеңестің шешімі негізінде (2014 жылдың 13 мамырындағы № 18 хаттамасы).
Биржаның жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет-сайтында "Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде толығырақ мекен- жайында орналасқан.
[2014-06-18]