"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстанның аймақтарына арзандатылған астық жөнелтті

04.06.14 17:54
/KASE, 05.06.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) биржаға (KASE) ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) мемлекеттік сатылатын ресурстарынан нанға және ұнға бағаны тұрақтандыру мақсатында республиканың өңірлеріне бір тоннасына 28 300 теңге белгіленген бағада барлығы 156 мың тонна арзандатылған астық жөнелтілді. Сонымен қатар Азық-түлік келісім шарт корпорациясының коммерциялық ресурстарынан облыстарға коммерциялық бағада 17 000 тонна астық тиелді. ҚР экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (мемлекеттік комиссия) 2014 жылғы 12 ақпандағы шешімімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ), облыс әкімдіктері және Азық-түлік келісім шарт корпорациясы арасында өңірлерде 1 сұрыпты ұннан жасалған қалыпты нанға, 1 сұрыпты ұнға бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы меморандумдарға қол қойылған болатын. Аталған меморандумдар шеңберінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 518 000 тонна астықты кейінге сақтады: бағасы тоннасына белгіленген 28 300 теңгеден 182 000 тонна мемлекеттік сатылатын ресурстардан, тоннасына 42 000 теңгеден 336 000 тонна коммерциялық астық ресурстарынан. Астық тиеу кезеңі – 2014 жылғы 17 ақпаннан бастап 2014 жылғы тамызға дейін. Аталған бағдарламаға қатысу үшін ұн тартатын ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Бұл ретте Азық-түлік келісім шарт корпорациясының коммерциялық астық ресурстарынан бидай сатып алған ұн тартатын ұйымдар үшін белгіленген және коммерциялық бағаның арасындағы айырманы республикалық бюджеттен өтеу қарастырылады. Азық-түлік келісім шарт корпорациясының коммерциялық астық ресурстарындағы астық бағасын 2014 жылғы 16 мамырда мемлекеттік комиссия тоннасына 42 000 теңге мөлшерінде белгіледі (нарықтағы баға: тоннасына 45 000 - 47 000 теңге). Осылай, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы коммерциялық ресурстардан көрсетілген бағада астық сатады. 28 300 теңге мен 42 000 теңге арасындағы айырманы АШМ ұн тартатын ұйымдарға әкімдіктер арқылы өтейді. Үкімет қаулысының тиісті жобасы келісу сатысында. цитата соңы [2014-06-05]