KZ
12 шілде 2025, 12:30
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.06.2014 14:49 #Сауда-саттық ақпараты

Мамыр айында Биржада акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны 22 % - ға төмендеді

/KASE, 03.06.2014/ – 2014 жылдың мамыр айында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны алдыңғы айға қарағанда 22 %-ға төмендеді. Жеке тұлғалар үшін жалпы брутто-айналым мәмілелері қараша айында 29,9 %-дан 34,0-ге дейін төмендеді.

Мамыр айында биржадағы акциялармен сауда-саттық алдыңғы айға қарағанда екі есе төмендеп, 4,2 млрд теңгені құрады (арнайы мамандандырылған сауда-саттықты есептемегенде акциялармен сауда- саттық көлемі 2,1 млрд теңгені құрады).

Айдың аяғында "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы, одан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған жеке шоттардың жалпы саны 56 589 жетті, ол алдыңғы айдың соңына қарағанда 288 санға артқандығын көрсетеді және ағымдағы жылдың басына қарағанда 4 283 санға артқан.

Төменде Биржадағы акциялармен сауда-саттыққа қатысушы ОД шот ашқан биржадағы акциялармен сауда-саттыққа қатысушы, сондай есеппен акциялармен сауда-саттықтың брутто-айналымы, сондай-ақ акциялармен сауда-саттық брутто айналымындағы жалпы мәміле үлесі туралы жеке тұлғалардың санының өсу қарқыны туралы ақпарат берілген. Ақпарат аталған айдың соңында нәтижелер бойынша ұсынылған.

--------------------------------------------------------------------------
                ОД шоттары Мәмілелер саны* Брутто-айналым,          Жалпы 
2014 жылдың айы                                млрд теңге*          брутто
                                                           айналымдағы, %*
--------------- ---------- --------------- --------------- ---------------
қаңтар              55 351             704             3,5            53,2
ақпан               55 640             883             5,0            59,3
наурыз              55 842             697             3,7            53,4
сәуір               56 301             625             2,9            34,0
мамыр               56 589             488             2,5            59,9
--------------------------------------------------------------------------

*арнайы мамандандырылған сауда-саттықты есептемегенде.

[2014-06-03]