Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
/ҚАЙТАЛАУ/ KASE Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) әзірлеген, корпоративтік басқару бойынша бағалау картасын жариялады
/KASE, 02.06.14, 27.06.13 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің веб-сайтында Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) әзірлеген корпоративтік басқару бойынша бағалау карталарын төмендегі мекен-жайлар бойынша жариялады:
Бағалы қағаздары KASE ресми тізіміне енгізілген компаниялар үшін – толығырақ
Бағалы қағаздары KASE "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналымға түскен компаниялар үшін – толығырақ
IFC ақпаратына сәйкес корпоративтік басқару бойынша бағалау картасы:
- жақсы корпоративтік басқарудың барлық тиісті мәселелерін жүйелі түрде және қарапайым шолу арқылы талдаушылар мен инвесторлардың жұмысына ықпал ету;
- компанияларға оларды басқару сапасын бағалау мен түзетуге көмек көрсету;
- жекелеген салалар мен елдердегі қызметтерді салыстыруға ықпал ету;
- барлық мүдделі тараптар үшін қол жетімді болу;
- аз шығынмен жүзеге асырылуы қол жетімді болу.
KASE листингілік компанияларының өкілдеріне аталмыш картамен танысып, оларды компанияларда корпоративтік басқару деңгейін дербес түрде бағалау үшін пайдалануды ұсынады.
[2014-06-02]