KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
/KASE, 27.05.2014/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE) Биржалық Кеңесі 2014 жылдың 13 мамырында "Қазақстан Халық банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ халықаралық облигацияларын шығаруға ұсынысты ұйымдастыру бойынша биржаға мүдделі мәміле болып табылатын, өтелетін қызмет көрсетуге келісім-шарт жасасқаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы №72 қаулысымен бекітілген қаржылық есептілік депозитариін корпоративтік оқиғалар туралы қор биржасының ақпарттарын, қаржы есептілігі мен аудиторлық есептілікті интернет-ресурстарда орналастыру Ережесіне сәйкес , төмендегі ақпаратты ұсынамыз.
Мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
1. Мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні: қолданылмайды.
2. Мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық қатынасы осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
3. Мәміленің негізгі шарттары:
- KASE мүшелерін алдағы уақытта облигацияларға жазылу жүргізілетіні туралы ақпараттандыру;
- KASE мүшелерінен облигацияларды сатып алуға өтініштерді қабылдауды ұйымдастыруы;
- KASE мүшелерінен алынған өтініштердің тізілімін қалыптастыру және осы тізілімді компанияға ұсыну;
- KASE мүшелерінен алынған өтініштерді қанағаттандыру қорытындысы туралы ақпараттандыру;
- облигацияларға жазылу жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты таратуы;
- қаржылық шарттары: биржаның аталмыш келісім-шарт бойынша комиссиялық алымы аталмыш жазылым қорытындысы бойынша орналастырылған облигациялардың қосынды номиналдық құнынан 0,025 % құрайды (кемінде АЕК мөлшерінің 250-еселік көлемінде және АЕК мөлшерінің 250-еселік көлемінен аспауы тиіс); егер жазылым қорытындысы бойынша облигациялармен бірде бір мәміле жасалмаған болса онда Компания облигацияларды орналастырудан бас тартады, немесе аталмыш келісім-шарт дүлей күштердің әсерінен бұзылады, онда KASE комиссиялық алымы АЕК мөлшерінің 50-еселік көлеміндегі соманы құрайды.
4. Мәміле жасасу күні: 2014 жылдың 23 мамыры
"Қазақстан Халық банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 34 бабы 1 тармағына сәйкес "Қазақстан қор биржасы" АҚ үлестес тұлғасы болып табылады.
[2014-05-27]