KASE Листингілік комиссиясы "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ "Қазтемiртранс" АҚ және "Локомотив" АҚ кепілдігімен шығаруға жоспарланған облигацияларын KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізуге келісімін берді

20.05.14 15:23
/KASE, 20.05.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 20 мамырындағы шешімімен "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) "Қазтемiртранс" АҚ және "Локомотив" АҚ кепілдігімен шығаруға жоспарланған облигацияларын KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, аталмыш облигацяларды аталмыш санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізу шешімі болып табылып, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1-2 тармағындағы шарттарын орындағаннан кейін өз күшіне енеді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының аталған шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2014-05-20]