Ұлттық Банк KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген түзетулер мен толықтыруларды тіркеді

16.05.14 16:18
/KASE, 16.05.2014/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банкі) 2014 жылдың 12 мамырында KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына № 9 (түзетулер) өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді. Аталмыш түзетулер Биржалық кеңестің құрамына өзгертулер енгізуге байланысты енгізілді, негіздемесі: - KASE акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі (2014 жылдың 18 сәуіріндегі № 24 хаттамасы); - Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі төрағасының 2014 жылдың 04 наурызындағы " Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкінің төрағасының 2012 жылдың 23 тамызындағы № 232 бұйрығына өзгерту енгізу туралы" № 66 бұйрығы. Акциялардың жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет- сайтында "Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm9_2014.pdf мекен- жайында жарияланған. [2014-05-16]