Moody's "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ және оның облигацияларының рейтингілік бағасын растады

16.05.14 11:50
/Moody's Investors Service, Лондон, 15.05.14, KASE аудармасы және тақырыптамасы/ Moody's Investors Service "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (КТЖ) эмитент рейтингі мен басымды қамтамасыз етілмеген қарыз рейтингін және Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V. (KTZ Finance) мамандандырылған қаржы компаниясының қамтамасыз етілмеген қарыз рейтингін Baa3 деңгейінде растады. Moody's сондай-ақ (CFR) компаниялар тобы үшін Ba1 корпоративтік рейтингін, "Казтемиртранс" АҚ (КТТ) дефолт рейтингін (PDR) Ba1-PD деңгейінде , растады, өйткені KTT – ҚТЖ 100 % меншігіндегі негізгі өндірістік бөлімшесі болып табылады, ҚТЖ ажырамас бөлігі ретінде сондай тәуекелдермен басқарылады. Сонымен қатар, Moody's ҚТЖ швейцар франкімен деноминацияланған облигациялары шығарылымының шартты рейтингін оң болжаммен (P)Baa3 растады. Барлық рейтингі бойынша болжам оң болып табылады. Осы хабарламаның ағылшын тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- айтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1219786 мекен-жайында танысуға болады. [2014-05-16]