ХАБАРЛАМА: "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің, 2014 жылдың 29 мамырына жоспарланған, жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілді

14.05.14 11:11
/KASE, 14.05.2014/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – KASE немесе Биржа) өз акционерлеріне 2014 жылдың 29 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады. Биржалық кеңестің шешімімен (2014 жылдың 13 мамырындағы № 18 отырыс хаттамасы) осы жиналыстың күн тәртібіне (мазмұны Биржаның аталмыш хабарламасында берілген) келесідей сұрақпен толықтырылды: - Биржалық кеңес туралы қағидаға енгізілетін № 1 толықтыруды бекіту туралы. Күн тәртібінің сұрақтарын қарау реті күн тәртібін бекіткенде анықталады. Биржа акционерлеріне жылдық жалпы жиналыс өткізу туралы хабарламасы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/for_shareholders/meeting_290514.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-05-14]