KZ
9 мамыр 2025, 18:04
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.05.2014 11:11 #Нормативтік база

ХАБАРЛАМА: "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің, 2014 жылдың 29 мамырына жоспарланған, жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілді

/KASE, 14.05.2014/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – KASE немесе Биржа) өз акционерлеріне 2014 жылдың 29 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады.

Биржалық кеңестің шешімімен (2014 жылдың 13 мамырындағы № 18 отырыс хаттамасы) осы жиналыстың күн тәртібіне (мазмұны Биржаның аталмыш хабарламасында берілген) келесідей сұрақпен толықтырылды:

  • Биржалық кеңес туралы қағидаға енгізілетін № 1 толықтыруды бекіту туралы.

Күн тәртібінің сұрақтарын қарау реті күн тәртібін бекіткенде анықталады.

Биржа акционерлеріне жылдық жалпы жиналыс өткізу туралы хабарламасы KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.

[2014-05-14]