KASE акционерлері А.М. Жолдасбековты Биржалық кеңес мүшесі етіп сайлады және Биржалық кеңестің өкілеттілік мерзімін белгіледі
/KASE, 21.04.2014/ – Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кещенінің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат мекен-жайында орналасқан, "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2014 жылдың 18 сәуірінде Алматы уақытымен сағат 10.00-де жоғарыда аталмыш мекен-жайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы мынадай күн тәртібімен болып өтті деп хабарлайды:
1. Биржалық кеңестің мүшесін сайлау туралы.
2. Биржалық кеңестің өкілеттілік мерзімі туралы.
Аталмыш жиналыста KASE акционерлері келесідей шешімждер қабылдады:
1. Жолдасбеков Азамат Мырзаданұлы Биржалық кеңестің мүшесі болып сайлансын.
Дауыс берді:"қосыламын"–673 987
"қарсымын"–0
"тартынамын"–0
2. Биржалық кеңестің келесі мүшелерінің өкілеттілік мерзімдерін, Биржаның 2015 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігіне арналған, Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына дейін деп белгіленсін:
–Е.С. Әбідразақов, А.М. Жолдасбеков, Д.С. Қарабаев, В.А. Кышпанаков (Биржа акционерлерінің мүддесін өкілдеушілер);
–А.О. Алдамберген, Ж.Б. Құрманов, А.Г. Нүкішев, М.Ж. Ташметов (Биржаның тәуелсіз директорлары).
Дауыс берді:"қосыламын"–667 854
"қарсымын"–0
"тартынамын"–6 133
[2014-04-21]