Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Ұлттық Банк KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді
/KASE, 09.04.2014/ – Қазақстан қор биржасы (одан әрі – KASE немесе биржа) 2014 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) биржа акцияларының № 7 шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді.
Аталмыш өзгерістер KASE Басқармасы құрамындағы өзгерістерге байланысты енгізілді.
Биржаның жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет-сайтында "Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде толығырақ мекен- жайында орналасқан.
[2014-04-09]