"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің 2013 жылдың 19 желтоқсанында өтетін кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерге толықтыру енгізілді
/KASE, 29.11.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания), биржаға 2012 жылдың 19 желтоқсанында сағат 15:00-ге бекітілген компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерге толықтыру енгізілгені туралы мәлімдеме жасады:
Аталмыш жиналысты толықтыруды ескергендегі күн тәртібі:
- компанияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
- компанияның дивиденттік саясаты туралы ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
- компанияның акциялары бойынша 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша дивиденд төлеу, сондай-ақ өткен жылдардың бөлінбеген табыстарын бөлу туралы;
- компанияның Директорлар кеңесінің ережесіне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы;
- компанияның Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы;
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Астана қ., Сауран к., 12, отырыс залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 27 желтоқсанда сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі.
Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанда Астана қ., Сауран к., 31, тел.: (717) 258 77 13; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады.
[2013-11-29]