"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің 2013 жылдың 19 желтоқсанында өтетін кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерге толықтыру енгізілді
29.11.13 15:57
/KASE, 29.11.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE
немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан
әрі – компания), биржаға 2012 жылдың 19 желтоқсанында сағат 15:00-ге
бекітілген компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн
тәртібіндегі мәселелерге толықтыру енгізілгені туралы мәлімдеме жасады:
Аталмыш жиналысты толықтыруды ескергендегі күн тәртібі:
- компанияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
- компанияның дивиденттік саясаты туралы ережесіне өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы;
- компанияның акциялары бойынша 2013 жылдың бірінші
жартыжылдығының қорытындысы бойынша дивиденд төлеу,
сондай-ақ өткен жылдардың бөлінбеген табыстарын бөлу туралы;
- компанияның Директорлар кеңесінің ережесіне толықтырулар мен
өзгертулер енгізу туралы;
- компанияның Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер
туралы;
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Астана қ., Сауран к., 12, отырыс
залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін
жүргізіледі.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама
жиналысы 2013 жылдың 27 желтоқсанда сол уақытта жоғарыда аталған
мекен-жай бойынша өткізіледі.
Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің
материалдарымен жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанда Астана қ.,
Сауран к., 31, тел.: (717) 258 77 13; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.:
(727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады.
[2013-11-29]