2013 ЖЫЛДЫҢ 28 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ҰЛЫБРИТАНИЯ) GB00B29BCK10 (GB_ENRC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛЕТТІЛІК ТІЗІМІНЕН АЛЫП ТАСТАЛДЫ

27.11.13 18:02
/KASE, 27.11.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 2013 жылдың 27 қарашасындағы шешімімен EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (Лондон) GB00B29BCK10 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_ENRC) жай акциялары 2013 жылдың 28 қарашасынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімінен алып тасталды деп хабарлайды. Аталмыш акцияларды KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімінен алып тастау туралы шешім төменде берілген себептермен, Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесінің 5 бабы 1 тармағының 6) және 8) тармақшаларына сәйкес қабылданды. 2013 жылдың 22 қазанында "JAZZ CAPITAL" Брокерлік үйі" АҚ (Алматы) аталмыш акциялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін орындаудан бас тартты, 2013 жылдың 25 қарашасында аталмыш акциялар эмитенттің бастамасымен Лондон қор биржасының (LSE) ресми тізімінен шығарылды. Осы жайттар салдарынан акциялардың өтімділігі күрт төмендеп, баға волатильділігі өсіп, олар бойынша баға белгілеулердің спредтері кеңеюі орын алды. Аталмыш акциялар KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімге 2009 жылдың 01 мамырынан бастап енгізілген. Комитеттің қабылдаған шешімінен кейін осы тізімге сегіз акция кіреді: ------------------------------------------------------------------------ № р/с Сауда-саттық коды ҰСН Эмитенттің атауы, акцияның тұрпаты ----- ----------------- ------------ ----------------------------------- 1. CCBN KZ1C36280010 "Банк ЦентрКредит" АҚ, жай акциялар 2. GB_KZMS GB00B0HZPV38 KAZAKHMYS PLС, жай акции 3. HSBK KZ1C33870011 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ, жай акциялар 4. KCEL KZ1C59150017 "Кселл" АҚ, жай акциялар 5. KKGB KZ1C00400016 "Казкоммерцбанк" АҚ, жай акциялар 6. KZTK KZ1C12280018 "Қазақтелеком" АҚ, жай акциялар 7. KZTO KZ1C29950017 "ҚазТрансОйл" АҚ, жай акциялар 8 RDGZ KZ1C51460018 "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ, жай акциялар ------------------------------------------------------------------------ KASE Индексінің беті KASE Интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/index_kase мекен-жайы бойынша қолжетімді. Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесінің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-11-27]