2013 жылдың 19 желтоқсанында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді
/KASE, 15.11.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания), биржаға 2013 жылдың 19 желтоқсанында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде:
- компания жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
- компанияның дивиденділік саясаты туралы қағидаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
- компания акциялары бойынша 2013 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, сондай-ақ өткен жылдардың бөлінбеген кірістерінің бір бөлігін төлеу туралы туралы;
- ком панияның Директорлар кеңесі туралы қағидаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
Аталмыш жиналыс: Астана қ., Сауран д-лы, 12, мәжіліс залы мекен- жайында өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.
Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі, 2013 жылдың 18 қарашасындағы жағдай бойынша құрастырылады.
Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайтала жиналысы жоғарыда атлған мекен-жай бойынша, 2013 жылдың 27 желтоқсанында болып өтеді.
Күн тәртібінің материалдарымен акционерлер жиналыс өтер алдында кемінде он күн бұрын: Астана қ., Сауран д-лы, 12, тел.: (717) 255 26 63 және Алматы қ., Фурманов көш,, 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады.
[2013-11-15]