"Алматинские электрические станции" АҚ (Қазақстан) облигацияларының рейтингілік бағалауларын "АӨҚО Рейтингілік агенттігі" АҚ растағаны туралы хабарлады, болжамы "Тұрақты"

14.11.13 12:47
/KASE, 14.11.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алматинские электрические станции" АҚ (Алматы), бүгін биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "Алматинские электрические станции" АҚ (бұдан әрі – "АлЭС" АҚ) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығыны Рейтингілік агенттігі" АҚ Рейтингілік комитетінің шешімі негізінде "АлЭС" АҚ ұзық мерзімді несиелік рейтингі АА3 деңігйінде және қысқа мерзімді рейтингі Р1 деңгейінде, облигацияларды шығару бойынша борыштық міндеттемелердің рейтинг А1 деңгейінде және қысқа мерзімді рейтингі P1 деңгейінде (болжамы "Тұрақты") растады деп хабарлайды. Алматинские электрические станции" АҚ ұсынған, "АӨҚО рейтингілік агенттігі" АҚ агенттігінің 2013 жылдың 04 қарашасындағы куәліктерімен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ALES/ales_reliz_041113.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-11-14]