"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
18.10.13 09:21
/KASE, 18.10.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың
01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C12280018, KZ0009093241 жай
акцияларының жалпы саны 10 922 876 дана, артықшылықты
KZ1P12280114, KZ0009094645 акциялар саны – 1 213 653 дана;
- компанияның барлық акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 203 702 жай және 886 093 артықшылықты акциясын кері
сатып алды;
- "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы)атаулы ұстауында
компанияның 1 151 960 жай акциясы (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 9,49 %) бар;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан
әрқайсысы бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген тұлғалар
болып табылады:
----------------------------------------------------------------
Жай акциялар,
------------------------- Компанияның
орналастырылған орналастырылған
осы атаудағы барлық
акциялардың акциялардың
жалпы санындағы жалпы санындағы
Атауы дана үлесі,, % үлесі, %
---------------------- --------- --------------- ---------------
"Самрұк-Қазына" Ұлттық 5 570 668 58,27 45,90
әл-ауқат қоры" АҚ
BODAM B.V. 1 842 725 19,27 15,18
DERAN SERVICES B.V. 1 049 725 10,98 8,65
----------------------------------------------------------------
[2013-10-18]