Алматыда 16 қазанда "Отандық листинг: өз мүмкіндігіңді бағала" атты конференция болып өтті

17.10.13 18:12
/KASE, 17.10.13/ – Бұрын хабарлағандай, 2013 жылдың 16 қазанында Қазақстан қор биржасы KASE, Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), "Governance & Management Consulting" ЖШС-мен серіктестікте "Саят Жолшы және Серіктестер" заң фирмасы және КИМЭП жанындағы білім орталығының жетекшісі Rahat Palace отелінде "Отандық листинг: өз мүмкіндігіңді бағала" атты конференция өткізді. Шараның негізгі мақсаты - қазақстандық компанияларға IPO арқылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында капиталды тарту мүмкіндіктері және IPO жүргізу барысы туралы ақпарат беру. Конференцияда Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) әзірлеген, корпоративтік басқару тәжірибесін бағалауға арналған жаңа құрал – корпоративтік басқару деңгейін бағалауға бейімделген картасының (одан әрі – Бағалау картасы) презентациясы өткізіледі. Ол KASE веб-сайтында төмендегі мекен-жайларда орналасқан: - Бағалы қағаздары KASE ресми тізіміне енгізілген компаниялар үшін – http://www.kase.kz/files/mix/scorecard_jsc_list.xls; - Бағалы қағаздары биржада "Листингтік емес бағалы қағаздар" айналымына жіберілген компаниялар үшін – http://www.kase.kz/files/mix/scorecard_jsc_unlist.doc. Конференцияға 23 компания қатысты, оның барысында Қазақстан Республикасының қаржы нарығында IPO жүргізудің қаржылық және заң аспектілері қарастырылмақшы. Сонымен қатар белгілі қазақстандық компания "Кселл" АҚ KASE IPO шығуын мысал ретінде ала отырып, сондай- ақ белгілі компаниялар үшін кадр резервін даярлау мәселелерін қарастырылды. [2013-10-18]