"Кселл" АҚ (Қазақстан) 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы өз қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді

17.10.13 15:56
/KASE, 17.10.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2013 жылдың 17 қазанында биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай хабарлады: "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы кірісінің көлемі мен абоненттік базасы бойынша жетекші оператор – 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы өз қызметінің нәтижелерін жариялайды. Үшінші тоқсан - кіріс деңгейі 3,0 пайызға көбейіп, 48,749 миллион теңгені құрады (47,323). - EBITDA көрсеткіші, біржолғы шығындарды қоспағанда, 0,9 пайызға ұлғайып, 26,892 миллион теңгені құрады (26,654). - EBITDA рентабельділігі 55.2 пайызға дейін төмендеді (56.3). - Негізгі қызметі бойынша кірісі, біржолғы шығындарды қоспағанда 0.3 пайызға артып, 21,045 миллион теңгені құрады (21,104). - Қаржыландыруға арналған таза шығын 541 миллион теңгеден 536 миллион теңгеге (5) дейін артты. - Таза табыс 4.4 пайызға азайып, 15,921 миллион теңгені құрады (16,647). - Еркін ақша ағымы 23,363 миллион теңгеге дейін артты (17,399). - Клиенттік база 174,710 абонентке көбейіп, пайдаланушылар саны 14 251 миллион абонентке жетті. Осы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_171013_1.pdf; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_171013_1e.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады [2013-10-17]