АНОНС: АЛМАТЫДА 16 ҚАЗАНДА "ОТАНДЫҚ ЛИСТИНГ: ӨЗ МҮМКІНДІГІҢДІ БАҒАЛА" АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

12.10.13 19:34
/KASE, 12.10.13/ – 2013 жылдың 16 қазанында Rahat Palace отелінде "Отандық листинг: өз мүмкіндігіңді бағала" атты конференция өтеді. Шараның негізгі мақсаты - қазақстандық компанияларға IPO арқылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында капиталды тарту мүмкіндіктері және IPO жүргізу барысы туралы ақпарат беру. Конференцияда Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) әзірлеген, корпоративтік басқару тәжірибесін бағалауға арналған жаңа құрал – корпоративтік басқару деңгейін бағалауға бейімделген картасының (одан әрі – Бағалау картасы) презентациясы өткізіледі. Тиімді корпоративтік басқарудың IPO-ға дайындалып отырған компаниялар мен листингтік компаниялар үшін, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) листингтен өтуге дайындық үстіндегі компаниялар үшін маңызы зор болып табылады. Конференция аясында инвестиция тарту мәселелері бойынша корпоративтік басқарудың роліне айрықша көңіл бөлінбекші. Бағалау картасы өз бетінше талдау жасайтын, корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіруге қажетті құрал болып табылады, сондай-ақ инвесторлар тарапынан сенімділікті арттырады. Конференция барысында Қазақстан Республикасының қаржы нарығында IPO жүргізудің қаржылық және заң аспектілері қарастырылмақшы. Сонымен қатар белгілі қазақстандық компания "Кселл" АҚ KASE IPO шығуын мысал ретінде ала отырып, сондай-ақ белгілі компаниялар үшін кадр резервін даярлау мәселелерін қарастыруды көздеп отыр. KASE Президенті Азамат Джолдасбековтің пікірі бойынша: "Қазақстан қор биржасы жаңа сенімді эмитенттерді және жаңа сапалы бағалы қағаздарды ұлттық қаржы нарығына тартуды көздеген кез келген бастаманы қолдайды. Егер ондай бастамалар қазақстандық компанияларда корпоартивтік басқару сапасын арттыруға, оны халықаралық стандарттар дәрежесіне жеткізуге және үздік әлемдік тәжірибелерге бағытталған болса онда тіптен құба-құп» - дейді. Арман Бердалин, "Саят Жолшы және Серіктестер" заң фирмасының серіктесі: "Біз Бағалау картасының жаңа және қолданыстағы инвестицияларды бағалауға көмектесетініне ғана емес, компаниялар деңгейінде және реттеуші органдардың деңгейінде өткізіліп отырған реформаларды жеделдететініне сенімдіміз. Бұл құрал Қазақстанның ерекшеліктерін, соның ішінде еліміздегі корпоративтік басқару тұжырымдамаларын ескере отырып әзірленген және соған бейімделген". Шараны ұйымдастырушылар: KASE, IFC, "Governance & Management Consulting" ЖШС-мен серіктестікте "Саят Жолшы және Серіктестер" заң фирмасы және КИМЭП жанындағы білім орталығының жетекшісі. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі контактілер арқылы байланысуға болады: Халықаралық қаржы корпорациясы Әсел Шойбекова Тел: +7 (727) 298 05 86 E-mail AChoibekova@ifc.org "Қазақстан қор биржаасы" АҚ Әмина Тұрғұлова Тел: +7 (727) 237 53 20 E-mail: world@kase.kz "Саят Жолшы және Серіктестер" заң фирмасы Валентина Махмудова Тел: +7 (701) 503 11 17 E-mail: v.makhmudova@szp.kz [2013-10-12]