29 сәуір күні Қазақстан қор биржасында "Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) KZP01Y05D212 (KZ2C00000578, CCBNb21) облигацияларын орналастыру бойынша сауда-саттықтар жүзеге аспады деп жарияланды

29.04.13 17:33
/KASE, 29.04.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZP01Y05D212 (KZ2C00000578, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb21; 100 тңге, 8,0 млрд теңге; 27.11.09 – 27.11.14, жылдық 8,0 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау комитетімен 2008 жылдың 18 қыркүйегінде тіркелген, "Банк ЦентрКредит", АҚ жалпы сомасы 100,0 млрд теңге екінші облигациялық бағдарламасының жетінші шығарылымы және, эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының 21-ші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы " Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y05D212 облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының барлық көлемі) 80 000 000 данасын құраған. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар төрт өтінім беріп, өтінімдер қабылдау кезеңі аяқталған сәтте 10 067 000 облигаций облигацияны сатып алуға үш өтінім белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраным ұсынымнан 12,6 % құрады. Белсенді өтінімдердегі бағалар 98,5000 % (9,0332 %), 100,0000 % (7,9929 %) және 102,9608 % (6,0000 %) құрады, олардың орташа сараланған мәні 100,0117 % (сатып алушы үшін өтеуге жылдық 7,9848 %).құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне 99,3 %, брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесі – 0,5 %, брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттеріне – 0,2 % тиесілі болды. Жиынтық ақпартізімнің мәліметтерін қарап, сатушы арнайы мамандандырылған сауда-саттықты берілген өтінімдер бойынша қанағатсыз қалыптасқан бағаларға байланысты жүзеге аспады деп жариялады. [2013-04-29]