"Кселл" АҚ (Қазақстан) "Қазақстанның Халықтық жинақ банкі" АҚ несие желісі бойынша 10 млрд теңге бірінші транш алу туралы хабарлады

03.10.13 17:51
/KASE, 04.10.2013/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Кселл" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) 2013 жылдың 02 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Кселл" (бұдан әрі – Қоғам немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL) акционерлік қоғамы, қазақстанда абоненттер саны мен табыс көлемі бойынша жетекші мобильдік провайдер, өзінің акционерлері мен инвесторларына төмендегі Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 79 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес мәліметті ұсынады. "Кселл" АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 30 тамызындағы "Кселл" АҚ және "Қазақстан халықтық жинақ банкі" АҚ арасындағы несие желісі бойынша 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге мақсатты пайдалану – айналым капиталын алу үшін банктік қарыз шарты сомасын бекіту туралы шешім қабылдады. 2013 жылдың 25 қыркүйегінде "Кселл" АҚ несие желісі бойынша 10 000 000 000 (он миллиард) теңге бірінші транш алды. Байланыстар Инвесторлармен байланыс Ирина Шоль Tel: +7 727 2582755 вн. 1205 Investor_relations@kcell.kz Медиа Наталья Еськова Tel: +7 727 2582755 вн. 1902 Pressa@kcell.kz Халықаралық медиа College Hill Леонид Финк, Тони Френд, Кэй Ларсен Tel: +44 207 457 2020 цитата соңы [2013-10-04]